Астана әуежайына түнгі уақытта автобус қатынайтын болды
Жолаушыларды №10 бағыттағы автобустар тасымалдайды.
15.07.2022 02:46
3229
15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің түнгі рейстері әуежайға дейін қатынайды, деп хабарлайды El.kz.
City Transportation Systems компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, мұндай шешім елордалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданған.
Жолаушыларды №10 бағыттағы автобустар тасымалдайды.
Әуежайдан №10 бағытының түнгі рейстерінің шығу уақыты: 23:18, 00:29, 01:59, 02:59.
Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жеңілдетілген автонесие: банктер өтінім қабылдауды тоқтатты
Келесі жаңалық
Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеген