Астана вокзалында жолаушылар бір-бірін таптап кете жаздады
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
15.01.2024 09:50
2002
ҚТЖ Астана-1 вокзалындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адамдардың көптігінен эскалатор да тоқтатылған.
Биылғы 14 қаңтарда демалыс күні (жексенбі) және қолайсыз ауа райынан автомобиль жолдарының жабылуы мен екі пойыздың бір мезгілде келу себебінен вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті. Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу жөнінде шаралар қабылдады, алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады, бұл эскалаторда болудың қауіпті жағдайына әкелді. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Әдемі дәстүр». Ерке Есмахан баласын бесікке салғанын көрсетті