«Астана» велокомандасы Швейцариядағы әлемдік турға қатысады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
13.06.2023 01:20
620
Қазақстандық «Астана» велокомандасы «Швейцария туры» әлемдік турына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Команда сапында қазақстандық Алексей Луценко пен Вадим Пронский, Самуэле Баттистелла, италиялық Симоне Веласко, Фабио Феллине, Леонардо Бассо мен колумбиялық Харольд Техада бар.
Көпкүндік 18 маусымда мәресіне жетеді деп күтілуде. Жарыс сегіз кезеңге жоспарланған.
Беделді бәсеке 1933 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұған дейін 2003 жылы Александр Винокуров аталған жарыста бас бәйгені иеленді.
Былтыр «Ineos Grenadiers» клубынан британиялық Герайнт Томас жеңімпаз атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Футбол: Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде жоғарылады