Жаңалықтар

Астана әуежайынан 9 айда 490 млн теңге заңсыз өткізілмек болған

Құзырлы ведомства осы анықталған фактілер бойынша бірер мысал келтірді.
Астана әуежайынан 9 айда 490 млн теңге заңсыз өткізілмек болған
Фото: ашық дереккөзден 22.09.2022 08:32 907

2022 жылдың басынан бері Астанадан әуе рейстері арқылы ақшалай түрде 490 млн теңге заңсыз алып өткізілмек болған, деп хабарлайды EL.KZ.

 Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері 2022 жылдың басынан бастап қолма-қол ақша қаражатын декларацияламай немесе заңсыз алып өтудің 55 фактісін анықтады. Декларацияланбаған қолма-қол ақша сомасы 498 454 908 теңгені құрады, атап айтқанда 1 083 599 АҚШ доллары, осы бұзушылықтар бойынша айыппұл сомасы 1 700 000 теңгеден асты, - деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомства осы анықталған фактілер бойынша бірер мысал келтірді.

Мысал келтірсек, 2022 жылы 9 қыркүйекте Астана қаласының "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында Дубай бағытындағы халықаралық әуерейсімен кетіп бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін Астана қаласы бойынша МКД "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері әуежайды тексеру қызметкерлерімен бірге Қазақстан азаматын тоқтатты. Ұстау кезінде декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды, атап айтқанда 56 750 АҚШ доллары (ҚР Ұлттық банктің сол кездеңдегі бағамы бойынша 26 911 985 теңгені). Заң бұзушы ақшаның бір бөлігін аяқ киімінің ұлтарағының астына, ал қалған бөлігін қол жүгіне жасырған, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға