Жаңалықтар

Астана тұрғыны өзімен танысудан бас тартқан әйелді тонап кеткен

Астана тұрғыны өзімен танысудан бас тартқан әйелді тонап кеткен
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 01.09.2023 16:29 865

Астанада ер адам өзімен танысудан бас тартқан әйелдің сөмкесін тартып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлеріне 32 жастағы қала тұрғыны өзіне шабуыл жасалғаны жайында айтып, арызданған. Таңертең жәбірленуші Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойындағы тұрғын үйдің ауласына шығып, бейтаныс ер адамды кездестіреді. Ер адам оған жақындап, кездесуді ұсынған. Кездесуден бас тартқан әйелді бейтаныс адам жерге итеріп жіберіп, оның қолындағы құжаттары мен Samsung телефоны бар сөмкесін алып қашқан.

Зардап шегуші қашып бара жатқан ер адамның артынан жүгіргенімен, оны қуып жете алмаған. 150 мың теңге тұратын сөмкесі мен ұялы телефонынан айырылған астаналық әйел полицияға жүгінген. Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшылық шабуылға қатысы бар 33 жастағы ер адамды анықтап, заттай айғақтар алынды, - делінген хабарламада.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға