Жаңалықтар

Астана тұрғыны лифтіде жұбайын соққыға жыққан

Астана тұрғыны лифтіде жұбайын соққыға жыққан
Фото: polisia.kz 20.01.2023 09:34 1022

Астана тұрғыны лифтіде жұбайын соққыға жыққан, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“102” арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 42 жастағы ер адам лифтіге кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып, ұрғаны анықталды.

Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскеде барынша пысықтауды жүргізеді.

– Сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу “102” арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефонына 8-(7172)-71-60-63  хабарласыңыз. Полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді, – дейді Астана қаласының полиция департаменті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға