Жаңалықтар

Астана тұрғыны есірткіні интернет дүкен арқылы сатып келген

Астана тұрғыны есірткіні интернет дүкен арқылы сатып келген
Фото: polisia.kz 18.10.2023 10:39 735

Астанада есірткіні интернет дүкен арқылы сатып келген азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық полицейлер “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз өткізуге қатысы бар 22 жастағы Астаналықты анықтады.

Есірткі сатушының тұрғылықты жерін тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кіреберістің жоғарғы қабатында жабдықталған қуысты тапты. Қуыста оралған және сатуға дайын 29 жиынтық алынды.

Жеке тінту кезінде жігіттің қалтасынан есірткі ұнтағы бар 20 байлам табылды. Пәтерден пластикалық контейнерлер, есірткі заттары салынған пакеттер және 35 оралған байлам тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар жалпы салмағы 1 келі мефедрон есірткі құралы екені анықталды. 50 грамм және жалпы салмағы 300 грамм марихуана.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жас жігіт мойындап, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер заңнамаға сәйкес есірткі заттарын өткізу не өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау бабы бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға