Астана тұрғыны 42 мың теңгенің азық-түлігін алып қашып кеткен
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz
06.02.2023 19:37
901
Астанада жас жігіт супермаркеттен ақысы төленбеген тауарды алып қашып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол супермаркетте жүріп, жалпы құны 42 мың теңгеден асатын азық-түлік пен бір қап сәби жөргегін алып, ақшасын төлемей қашып кеткен. Дүкен сатушысы ер адамды қуып жетпек болғанымен, оған жете алмаған.
Күдікті келесі күні ұсталды.
Қазіргі уақытта ол осыған ұқсас үш қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ұрланған заттар үшінші тұлғаларға сатылған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан йодталған тұз экспортын 81,4% арттырды