Жаңалықтар

Астана-Теміртау автожолында қозғалысқа шектеу қойылды

Астана-Теміртау автожолында қозғалысқа шектеу қойылды
Фото: t.me/qazavtojol 12.10.2024 19:11 100

«ҚазАвтоЖол» компаниясы Астана-Теміртау автожолында қозғалысқа шектеу қойылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 12 қазанда сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1426-шақырымы аралығындағы Астана-Теміртау бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Компания еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы ауа райы жағдайын Kaztoll.kz сайтынан онлайн көруге болатынын алға тартты.

Сіздердің қолайлы қозғалыстарыңыз үшін 17 ақылы учаскеде 74 камера орнатылды. Бұл жүргізушілер үшін алдын ала сапарды жоспарлауға, автожолдардағы ауа райын жағдайын көруге және жолдағы қолайсыздықтарды алдын алуға мүмкіндік береді. Қыс мезгілінде Kaztoll.kz сайты мен Sapar мобильді қосымшасын жиі қолдануды ұсынамыз, - делінген мәліметте.

Қосымша біздің Телеграм арнамыздан және 1403 байланыс орталығынан қажетті ақпараттарды алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға