Жаңалықтар

«Астана – Тәуелсіз елдің тарихында» форумы өтті

«Астана – Тәуелсіз елдің тарихында» форумы өтті
19.04.2018 11:35 2161

Талдықорған қаласы, Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», «Қазақстан – Корея» достық қоғамы өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Астана – Тәуелсіз елдің тарихында» атты VІІ облыстық форумы өтті.

Шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚХА мүшелері, облыстық, аудан, қалалық Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшы топ, жетекші журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, оқушылар мен білімгерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Форум аясында Астананың 20 жылдығына арналған сурет салудан «Астана – Тәуелсіз елдің тарихында» атты байқау ұйымдастырылып, жеңімпаз деп танылған жұмыстардан көрме қойылып, жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, форумның жұмысы концерттік бағдарламаға ұласты.

Шарада, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, «Қазақстан-Корея» Достық қоғамы облыстық филиалының төрағасы Клара Хан құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға