Жаңалықтар

Астана соңғы бес жылдағы ауасы ең лас қалалар тізіміне кірді

Астана соңғы бес жылдағы ауасы ең лас қалалар тізіміне кірді
Фото: © El.kz 19.07.2023 20:47 1369

Астана соңғы бес жылдағы ауасы ең лас қалалар тізіміне кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2019-2023 жылдарда ауасы ең көп ластанған қалаларды атады.

Кейінгі 5 жылда (2019-2023 ж.ж.) атмосфералық ауаның ластануының тұрақты жоғары деңгейі Қарағанды, Алматы, Астана, Өскемен, Теміртау, Жезқазған қалаларында байқалады, - делінген ресми мәліметте.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» мамандары аталған қалалардың ауасы қандай улы заттармен жиі ластанатынын айтты.

Негізгі ластаушы заттар:

Қарағанды қаласында – РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, көміртегі оксиді, күкірт сутегі;

Алматы қаласында – қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді.

Астана қаласында – қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді.

Өскемен қаласы – күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт сутегі;

Теміртау қаласы – көміртегі оксиді, азот диоксиді;

Жезқазған қаласы – күкірт сутегі, фенол, - деп жазылған ақпарат бюллетенінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға