Астана-Семей бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды

Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі
28.10.2024 15:27
469
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, Астана-Семей бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды.
«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе. Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т.б. жабдықталған, - делінген Көлік министрлігінің мәліметінде.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды