Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4 маусымда «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафонын іске қосады, ддеп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған телемарафон Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыруға бағытталып отыр. Сондай-ақ, бағдарламалық іс-шаралар мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында тікелей эфирінде көрсетіледі.
Олардың ішінде ақпараттық роликтер, мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат, патриоттық іс-шаралар секілді кешенді жобалар бар, - деп жазылған Астана әкімдігі таратқан мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қырғызстанда сәбиін телефонға саудалаған әйел ұсталды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды