Жаңалықтар

Астана қаласында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Астана қаласында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді
Фото: instagram.com/kokpar_sport_parsahan_1 17.12.2023 09:24 854

Бүгін елордада қазақ күресінен «Дала қырандары» атты республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спорт қорына сілтеме жасап.

Жарыстың өтетін күні — 17 желтоқсан. Өтетін орны — Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Ойын барысын тамашалауға тегін кіруге болады.

Турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда 8 салмақта жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түседі. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды Әлем және Азия чемпионаттарының, Әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар, — делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға