Жаңалықтар

Астана қаласынан Сенат депутаты сайланды - ОСК

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті
Астана қаласынан Сенат депутаты сайланды - ОСК
Фото: egov.kz 16.01.2023 15:29 1009

Астана қаласынан Парламент Сенатының  шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 14 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы қаулы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы Алматы облыстық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау өтті деп танылды.

3 кандидат дауысқа түсті. 31 таңдаушының 29-ы немесе таңдаушылардың жалпы санының 93,5 проценті дауыс беруге қатысты.

Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  депутатын сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

- Сайранбек Ербатырұлы Әбілқайырға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 4 дауысы берілді;

- Табиғат Зейнұлқабденге дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 6 дауысы берілді;

- Андрей Иванович Лукинге дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 19 дауысы берілді;

- «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 0.

Астана қаласынан Парламент Сенатының депутаты болып 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне 1961 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Астана қаласында тұратын, орыс, Андрей Иванович Лукин сайланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға