Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
29.07.2023 17:14
755
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қызметінен кетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы басқарма басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазда жариялады.
Бүгін Елорданың денсаулық сақтау саласындағы соңғы жұмыс күнім. Осы уақыт ішінде 3 жыл бойы сіздермен бірге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарттық, басым бағыттарды жетілдірдік. Күн сайын қанша өмірді сақтап қалдық, азаматтардың денсаулығы үшін күрестік. Бәріміз бірге коронавирус инфекциясына қарсы тұрдық,- деп жазды Тимур Мұратов.
Лауазым иесі аталған қызметке 2020 жылы тағайындалған болатын. Әзірге оның себепті қызметінен кеткені белгісіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда оқу орнының қараусыз қалған ғимаратынан өрт шықты
Келесі жаңалық
Қызылордада енесінің атынан несие алған келін сотталды