Астана полицейлері ерлі-зайыптылар ұрыларды ұстады
Астанада ерлі-зайыптылар ұрыларды ұстады, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда тұрғыны кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатып, үйдің ауласынан екі бейтаныс адамды көреді. Белгісіз адамдар әйелдің күдігін туғызып, ол жұбайын шақырады.
Ер адам да олардың күдікті әрекеттері мен қолдарындағы күдік тудыратын затты байқайды. Астаналық азамат “102” пультіне қоңырау шалып, полиция келгенге дейін қаскүнемдерді ұстап тұрған. Шақыру бойынша келген полицейлер ұсталғандардың үйдің терезесін бұзып кіріп, ГАЗель көлігінен механика қорабын және кран-балка ұрлап кеткенін анықтады. Полиция қызметкерлері күдіктілерді Байқоңыр ауданының аумақтық Полиция басқармасына жеткізді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамдардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Астана қаласының Полиция департаменті белсенді азаматтық ұстанымы үшін қала тұрғындарына алғысын білдіреді.
Сонымен қатар елордалық полицейлер мұндай жағдайда өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей, полицияға немесе “102” мобильдік қосымшасына дереу қоңырау шалуды еске салады.