Жаңалықтар

Астана полицейлері Байқоңыр ауданында рейдтік іс-шара жүргізді

Іс-шаралар барысында 733 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Астана полицейлері Байқоңыр ауданында рейдтік іс-шара жүргізді
Фото: polisia.kz 05.11.2022 21:20 1673

Елордалық полицейлер Байқоңыр ауданында рейдтік іс-шара жүргізді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Рolisia.kz сайты мәлімдеді.

Aғымдағы жылдың басынан бері «Байқоңыр» ауданы жергілікті полиция қызметінің бөліміне әртүрлі оқиғалар бойынша 29 мыңға жуық өтініштер келіп түсті. Қоғамдық орындарда тіркелген қылмыстар саны 10%-ға төмендеді, сонымен бірге тіркелген қылмыстар саны 2,2%-ға, ауырлығы төмен қылмыстар 57,1%-ға және ауыр қылмыстар саны 36,9%-ға өсті.

«2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі бағдарламаны» жүзеге асыру мақсатында полиция қызметкерлері ұрлықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізе отырып, аудандағы криминогендік жағдайға күн сайын талдау жүргізеді.

Іс-шаралар барысында 733 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 119-ы кәмелетке толмағандармен жасалған. 603 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 67 бала орналастырылды. Ағымдағы жылы ювеналды полицияның учаскелік инспекторларымен 38 жасөспірім, 41 тұрмысы нашар отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды. Үш ата-ана сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылды, төрт ата-ананың құқықтары шектелді.

– Мемлекет басшысының 2022 жылды балалар жылы деп жариялау туралы тапсырмасын іске асыру аясында жасөспірімдер қылмысы проблемаларын шешу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету ерекше өзекті болып отыр. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертудің маңызды шарасы олардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру болып табылады. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігі еш жерде оқымаған немесе жұмыс істемеген. Бұдан басқа тұрмыстық қылмыстың алдын алу мақсатында ҮЕҰ мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, дағдарыс орталықтарымен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету қажет. Жыл басынан бері 102 арнасына тұрмыс саласында екі мыңға жуық өтініш келіп түсті, 498 адам жауапқа тартылды, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында 1 470 қорғау ұйғарымы шығарылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін 63 «отбасылық жанжалқой» жауапкершілікке тартылды, – деді «Байқоңыр» ауданы ПБ бастығы Марат Абиров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға