Жаңалықтар

«Астана Опера» театрының жаңа директоры тағайындалды

«Астана Опера» театрының жаңа директоры тағайындалды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 11.03.2025 21:07 249

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Александр Совостьянов «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Театрдың жаңа басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығын бітірген. Әр жылдары медиа-индустрия саласында, соның ішінде «Нұр Медиа» холдингіне қарасты «Эра ТВ» (Жетінші арна) телеарнасында және «Астана» телеарнасына кіретін РДВ компаниясында жұмыс істеген.

2013-2019 жылдары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының қоғаммен байланыс және маркетинг бойынша орынбасары болып қызмет еткен. 

Александр Совостьянов бұл тағайындауға дейін «Астана Балет» театрының директоры қызметін атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға