«Астана Опера» театрында «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
23.11.2024 06:40
100
«Астана Опера» театрында ұлы ақын, ағартушы, композитор, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығарманың авторы және орындаушысы – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов дарынды пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Әлияр Өтетілеумен бірге өнер көрсетті.
Жиналған қауым Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң» және басқа да танымал әндерін тыңдай алды. Ал, «Астана Опера» хор студиясының жас әртістері Шахимардан Әбіловпен бірге «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем Қаламқас» әндерін орындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Іле Алатауы тауында адасып қалған жасөспірім құтқарылды
Келесі жаңалық
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті