Астана Опера театрында «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклі жалғасады

6 наурызда Күләш Байсейітова атындағы «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жүректен шыққан музыка» коцерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл іс-шара «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклінің жалғасы болмақ. Аталмыш жоба мазмұнды репертуарымен әрі жанға жайлы атмосферасымен тыңдарман жүрегінен орын алды.
Бұл кеште қазақстандық композиторлардың әндері, ретро-хиттер және әлемдік классикалық музыканың танымал туындылары шырқалады.
Сахнада опера труппасының солистері мен театр музыканттары, олардың арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен әртістері өнер көрсетеді. Жобаның авторы – Қазақстанның халық әртісі, профессор Хорлан Қалиламбекова.
Концерт Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтеді. Кеш көрерменге көктемгі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырады.
