Жаңалықтар

Астана мен Доха арасында әуе қатынасын ашу мәселесі талқыланды

Астана мен Доха арасында әуе қатынасын ашу мәселесі талқыланды
Фото: gov.kz 19.04.2025 23:02 174

Дохада өткен Министрлік конференцисында Қазақстан Республикасы Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев рәсімділікті ықшамдау тақырыбында баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара аясында ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Салазармен кездесу өтті. ИКАО делегациясын EUR/NAT Аймақтық директоры Николас Ралло, сондай-ақ ИКАО штаб-пәтері Хатшылығының Заң (LEB), Аэронавигация (ANB) және Іске асыру (CDI) департаменттерінің басшылығы таныстырды.

Бас хатшы Қазақстанның азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі өңірдегі көшбасшылығын, Қазақстанның азаматтық авиацияны одпн әрі дамыту аясындағы мастер-жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмысты, елімізде авиациядағы гендерлік теңдік сияқты өңірлік іс-шараларды өткізудің жоғары деңгейін, ИКАО-ның бастамаларын қолдауын атап өтті.

Тараптар биылғы шілде айында ИКАО Кеңесі Президентінің Қазақстанға сапарына қатысты мәселелерді және осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған ИКАО авиациялық қауіпсіздік аудитін талқылады.

Бұл ретте Әуе көлігі бюросының (АТБ) директоры Мохамед Рахма мырзамен кездесулер өтті. Кездесуде тараптар Әмбебап аудит бағдарламасы (USAP-CMA) аясында Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік бойынша алдағы ИКАО аудитінің мәселелерін қарады, Қазақстан аудитке дайындығын растады.

Бюро директоры ИКАО Қазақстанға тек аудитке дайындық мәселелерінде ғана емес, сонымен қатар авиацияны тұрақты дамыту мәселелерінде, сондай-ақ ИКАО аясында іс-шаралар өткізуде де көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Тараптар келесі кездесуін Монреальда ИКАО Ассамблеясы аясында мемлекеттік деңгейде өткізуге келісті және бір-біріне ынтымақтастық пен өзара түсіністік үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ рәсімділікті ықшамдау Министрлік конференция аясында Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекетінің авиациялық билік басшыларының кездесуі өтті.

Кездесу барысында Qatar Airways компаниясының екі елдің астаналары Астана мен Доха арасында әуе қатынасын ашу мәселелері талқыланды.

Тараптар сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге қол қою мәселесін талқылады.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Катар мемлекетінің Еуразиялық азаматтық авиация конференциясына қосылу перспективаларын талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға