Астана мен Челябинск арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті
Халықаралық қатынасты одан әрі жаңарту және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп Астана – Челябинск бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, "Qazaq Air" қазақстандық авиакомпаниясы ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап De – Havilland Dash 8-Q400 әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Астана - Челябинск бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстердің ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Билеттерді авиакомпанияның ресми сайтында алуға болады.
