Жаңалықтар

Астана мен Ақтөбеде әуе рейстері тоқтатылды

Астана мен Ақтөбеде әуе рейстері тоқтатылды
Фото: Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі 08.02.2024 16:04 593

Қазақстандық әуе компаниялар мен әуежайлар ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешіктіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана мен Ақтөбе әуежайларында ұшу кестесіне өзгерістер енген.

Астана әуежайының мәліметінше, жоспарланған 72 рейстің жетеуі орындалмаған. Сонымен қатар 8 ұшаққа қонуға рұқсат берілмеген.

Ұшатын 6 рейс пен қонуы тиіс 12 рейс те кейінге қалдырылған.

Осыған ұқсас жағдай Ақтөбеде де тіркелді.

8 ақпан күні Ақтөбеде мына рейстер тоқтатылған:

Qazaq Air IQ399/395 Астана – Ақтөбе – Атырау;

Air Astana KC863/864 Алматы – Ақтөбе – Алматы;

Qazaq Air IQ396/400 Атырау – Ақтөбе – Астана;

Scat DV721/722 Астана – Ақтөбе – Астана;

Scat DV711/712 Алматы – Ақтөбе – Алматы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға