Жаңалықтар

Астана мектептеріне шабуыл жасамақ болды: Полиция ескерту жасады

Астана мектептеріне шабуыл жасамақ болды: Полиция ескерту жасады
Фото: Астана қаласы ПД 19.04.2024 09:50 1204

Telegram арналардың бірінде Астана мектептеріне шабуыл жасамақ болғандардың жазбасы таралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде әлдебіреу қарудың суретін жариялап, мектептерге шабуылдауға дайын отырғанын жазған.

Ертеңді күту ғана қалды. Мен сендерді ешқашан ұнатпадым. Түкіргенім бар... Бәріңнің өмірлеріңді қиямын, - делінген жазбада.

Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Білім беру ұйымдары тиісті қызметтермен тексерілді. Тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - делінген полиция ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға