Жаңалықтар

Астана мектептерінде ЛГБТ-ны насихаттау қарқынды жүріп жатыр – Ардақ Назаров

Астана мектептерінде ЛГБТ-ны насихаттау қарқынды жүріп жатыр – Ардақ Назаров
Фото: Коллаж El.kz 12.04.2023 11:57 1747

Мәжілістің жалпы отырысында Ардақ Назаров идеология мәселесін көтерді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады.

«Біз экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармауыз керек. Мемлекет іргесінің берік болуы, халықтың баянды өмір сүруі үшін ең алдымен дәл осы идеология саласын реттеуіміз қажет. 8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ олай болмады, жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр», – деді депутат.

Мәжілісмен гейлерді насихаттау қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де қарқынды жүріп жатқанын айтты.

«Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады. ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді деп білемін. Ал дәстүрі мен руханиятынан айырылған ұлттың болашағы жоқ екені айдан анық. Ұлт құрыса – мемлекет құлайды. Біз жастарымыздың тәрбиесіне селқос қарамай, қазірден қамдануымыз керек», – деді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға