Жаңалықтар

Астана мектептерінде бір мезетте ерекше акция өтті

Астана мектептерінде бір мезетте ерекше акция өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі 26.04.2025 03:22 139

«Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында Астананың барлық мектебінде бір уақытта «Тазалықтан күш алыңыз!» іс-шарасы өтті. Экофитнес салауатты өмір салтын насихаттауға және табиғатқа ұқыппен қарауға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, ерекше акцияны елордалық білім басқармасы оқушыларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырған.

Мектептерде экофитнесті өткізу – бұл балалардың физикалық белсенділігін сақтау тәсілі ғана емес, сонымен қатар олардың табиғатқа деген құрметі және денсаулығына қамқорлық жасау мүмкіндігі. Экофитнес пайдалы істі жағымдылықпен біріктіреді, яғни балалар физикалық қабілеттері мен экологиялық санасын дамыта отырып, ашық аспан астында рахаттана алады. Экофитнес көбінесе командалық спорт пен топтық сабақтарды қамтиды, бұл балалар арасында ынтымақтастық пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Балалар командада жұмыс істеуді, бір-бірін қолдауды және ортақ мақсаттарға қол жеткізуді үйренеді, бұл спортта ғана емес, өмірде де маңызды, - деді  №5 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жаныл Сүлейменова.

Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары да қосылды.

Ашық ауада жаттығу көңіл-күйді жақсартуға және стресс деңгейін азайтуға көмектеседі. Сабақ барысында біз балаларға қоршаған ортаны қорғаудың, қалдықтарды дұрыс өңдеудің және табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығы туралы айтып береміз. Шөп үстімен жүруге болмайтынын түсіндіреміз, себебі онда құмырсқа сияқты түрлі жәндіктер жүреді. Оқушыларға бұл бастауыш сынып кезінен-ақ қызық деп ойлайды. Көшеде жаттығу әлдеқайда қызықты және мотивация жоғары, - деді №5 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Анастасия Тюрина.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға