Астана мектептерінде ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар қысқартылды

Елорда мектептерінде 6 қараша күні желдің күшеюіне байланысты сабақтардың ұзақтығы қысқарды. Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет, - делінген мәліметте.
Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.
