Жаңалықтар

Астана маңындағы қураған шөп өрті әлі сөндірілмеді

Астана маңындағы қураған шөп өрті әлі сөндірілмеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 21.06.2023 12:51 818

Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақта құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет қатынап, көлемі 447 тонна су төкті.

20 маусым күні сағат 20:16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне кетті. Сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Қала әкімдігі еріктілермен бірлесіп өртті сөндіруге қатысушылар үшін тамақ беру жұмысын ұйымдастырды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға