Жаңалықтар

Астана маңындағы өрт: тұрғын үйлерге қауіп жоқ

Астана маңындағы өрт: тұрғын үйлерге қауіп жоқ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 19.06.2023 17:48 848

Премьер-министр Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Астана маңындағы қураған қамыстың тұтануынан басталған өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 гектар алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.

Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылды.

Оны сөндіру жел екпінінің қаттылығы, батпақ жерлер, сондай-ақ техника өтетін жолдардың болмауы себебінен қиынға соғуда.

Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға