Астана маңындағы өрт: Оқиға орнында ТЖМ министрі жүр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
19.06.2023 19:00
817
Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 158 адам мен 33 бірлік техника, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы тартылды. Өрт сөндіру штабы құрылды. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Сондай-ақ ТЖМ қырағылық танытып, келесі сақтық шараларын сақтауды сұрады:
- ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз.
- Егер сіз сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс.
- Түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан – татулықта өмір сүруді мақсат еткен мемлекет