Астана маңында жоғалған әйелдің денесі табылды
![Астана маңында жоғалған әйелдің денесі табылды Астана маңында жоғалған әйелдің денесі табылды](/storage/storage/element/2025/01/05/mainphoto/136653/1200xauto_RESCghX4Lc8w6S9Uz9vfJRqd2End61QZlHL4FJPA.jpg)
Фото: instagram.com/_astana_volontery_lider.kz
Фото: instagram.com/_astana_volontery_lider.kz
05.01.2025 16:35
15752
Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында 3 қаңтар күні 42 жастағы Баян Алтынбекова жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйел 3 қаңтарда шамамен 5:30-да үйден шығып, қайтып оралмаған. Ол ақ тон, қара көйлек, қара етік киген. Әйелді туыстары, еріктілер, жергілікті тұрғындар іздеді. Өкінішке қарай Баян Алтынбекова 4 қаңтарда өлі табылды.
Іздеу аяқталды, Баянның денесі табылды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, иманды болсын. Жібек жолы кентінің тұрғындарына ерекше алғыс білдіреміз, - деп жазылған еріктілердің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Баян Алтынбекованың неден қайтыс болғанын полиция анықтайтын болады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)