Астана күнінде дрондар ерекше шоу көрсетті

Астананың 25 жылдығына орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын-соңды болмаған шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, «Қазақ елі» алаңында өткен дрондар шоуы елорда аспанын ерекше күйге бөлеген.
instagram.com/sxodim.astana
Елорда көгіне көтерілетін дрондар түрлі-түске боялған бейнелерді сомдап, түнгі аспанды жарқ-жұрқ еткен қойылыммен көмкерді. Сондай-ақ дрондар жарық иллюминаторы арқылы елорданың әсем ғимараттарын көрсетті. Бұл мерекелік шоу маған қатты ұнады, - дейді қала тұрғыны Абай Қадыр.
Дрондар түнгі аспанда Астананың көрнекті нысандарын көрсете алды. Ал мерекелік бағдарламаға 500 дрон бекітілген.
instagram.com/sxodim.astana
Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілер қаражаты есебінен ұйымдастырылды. 25 000-нан астам адам Оpen Аir мерекелік концертіне және Қазақ елі монументінің жанындағы дрондар шоуына қатысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
