Жаңалықтар

Астана күні: журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілде күні марапатталады

Астана күні: журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілде күні марапатталады
Фото: ©El.kz 02.07.2024 14:35 292

Астана күніне орай елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан журналистер арасындағы байқау қатысушыларының жұмыстарын әділқазы алқасы қарап, үздіктерді анықтады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үміткерлер сегіз номинация бойынша бақ сынады.

1) «Үздік журналист-сарапшы»
2) «Үздік шолушы»
3) «Үздік радиорепортаж»
4) «Үздік телесюжет»
5) «Үздік мобилограф»
6) «Үздік фоторепортаж»
7) «Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал»
8) «Астана қаласы Маслихаты жайлы үздік материал».

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 5 шілде күні сағат 11:00-де болады.

Өтетін орны: «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/19.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға