Астана көшелерін жаңбыр суынан тазартуға 100-ден астам техника жұмылдырылды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
06.08.2023 22:47
1354
Астана тоқтаусыз жауған жаңбырға байланысты 100-ден астам техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
«Elorda eco system» мекемесі жерүсті суларды бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті шаралар жүргізіп жатыр: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды буландыру, су шығару.
Сондай-ақ нөсер кәріз жүйелері мен тазартуға арналған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін осы іс-шаралардың арқасында 201 проблемалы учаскедегі су тасқыны мәселесін шешуге мүмкіндік берді. 2023 жылы жерүсті суларды бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр, - деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Италияда 195 мигрант құтқарылды