Астана көпқабатты үйдің бірінен өрт шықты

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
04.11.2023 18:53
916
Астанада күндіз «Әйгерім» тұрғын үйкешеніндегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Өрт Алматы ауданында Қ.Сәтпаев көшесі, 29/1 мекенжайында орналасқан «Әйгерім» тұрғын үй кешенінің 24-қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққан.
Өрт сөндіруге жеке құрамның 17 адамы және Астана ТЖД арнайы техникасының 4 бірлігі жұмылдырылды.
Үйдің барлық тұрғындары эвакуацияланды, өрттен зардап шеккендер жоқ. Департамент мамандары тұрғындардан үрейге бой алдырмауын және сабыр сақтауын сұрап отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада Ж.Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир басталды
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді