«Астана» клубы «Жетісуды» аямады

Қазақстан премьер-лигасының 26-туры аясында «Астана» Алматыда Талдықорғанның «Жетісу» клубымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алаңға мына ойыншылар шықты:
«Астана»: Чондрич, Вороговский, Калаица, Казуколовас, Бартолец, Эбонг, Аманович, Грипши, Камара, Томасов, Чинеду;
«Жетісу»: Сүюқаев, Ткаченко, Чарльстон, Карвот, Қалмырза, Балтабеков, Караман, Мужиков, Үсенов, Шрамченко, Жұмабек.
Қонақтар елордалықтар лайықты қарсылыс көрсете алған жоқ, тіпті бірінші таймның өзінде қақпасына жауапсыз бес гол жіберді. Ал екінші таймда алаң иелері күш салмады, соның өзінде осы есеп сақталып қалды — 5:0.
Осылайша, «Астана» 46 ұпай жинады.
«Астана» — «Жетісу» 5:0 (5:0)
Голдар: Чинеду - пенальтиден 7 (1:0), Грипши - пенальтиден 18 (2:0), Томасов 25 (3:0), Ткаченко - автогол 31 (4:0), Бартолец 41 (5:0).
