"Астана" клубы "Челсиден" 1:3 есебімен жеңілді

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz
12.12.2024 22:28
672
УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана» Англияның «Челси» командасымен матч өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық команда 1:3 есебімен жеңілді, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің басты кейіпкері ойыншы Марк Гиу болды. Ол матчтың 14-ші және 19-шы минуттарында гол салды. Тағы бір голды оның әріптесі Ренату Вейга соқты. Ал "Астана" командасы үшін жалғыз голды Марин Томасов 45-ші минутта соғып, көзге түсті.
Еске салсақ, "Астана" - "Челси" матчы Алматыдағы "Орталық" стадионда өтті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды