Жаңалықтар

«Астана» кәсіби спорт клубы қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

«Астана» кәсіби спорт клубы қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі 05.10.2024 03:49 102
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың төрағалығымен «Астана» кәсіби спорт клубы қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Жиында елдегі спорт индустриясының дамуы, оның ішінде Astana Qazaqstan Team кәсіпқой велокомандасының халықаралық аренадағы жетістіктері мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Отырыс барысында Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров команданың 2024 жылғы маусым қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ жиында велокоманданың халықаралық аренада беделін нығайту бойынша негізгі міндеттерге ерекше назар аударылды.11418:00
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға