Жаңалықтар

Astana Hub Қарағандыдағы стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі

Astana Hub Қарағандыдағы стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі
26.11.2019 16:23 2491

Жастар жылы аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен және қолдауымен құрылған «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі Қазақстан бойынша өзінің географиясын кеңейтуде. 

Astana Hub Қарағандыдағы стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі

Бір ай ішінде Astana Hub сарапшылар командасы технопарк қызметімен таныстыру, сондай-ақ ел арасында технологиялық кәсіпкерлік мәдениетін ілгерілету үшін Қазақстан өңірлеріне барып, кезек Қарағанды өңіріне келді. Яғни, Startup Sapary бағдарламасы елдің барлық облыстарын қамтуда.

Қарағандыдағы Достық үйінде өткен бағдарлама аясында IT саласындағы идеялары бар барлық жас кәсіпкерлер үшін екікүндік «Стартап мектебі» тегін қарқынды курсы таныстырды.

Семинарға стартап-жобаларды дамыту бойынша білім алғысы келетін және өз идеяларын барынша қысқа мерзімде іске асырғысы келетін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертифкат тапсырылды.

Astana Hub Қарағандыдағы стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға