Астана форумына қанша қаражат бөлінеді? Жұманғарин мәселені түсіндірді
![Астана форумына қанша қаражат бөлінеді? Жұманғарин мәселені түсіндірді Астана форумына қанша қаражат бөлінеді? Жұманғарин мәселені түсіндірді](/storage/storage/element/2025/02/06/mainphoto/141386/1200xauto_LvzCQPecmcsh1DgBokGKDvk9ythgeYwfHKZECKLR.jpg)
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл өтетін Астана халықаралық форумына қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Серік Жұманғариннің сөзінше, форумды демеушілердің қаражатына өткізу жоспарланып отыр.
Форумның тарихы 2008 жылдан басталады. Өздеріңіз білесіздер, 17 жыл болды. Коронавирус кезінде екі жыл өткізілмеді. Былтыр су тасқынында да бір жылға тоқтады. Бірақ бұл Қазақстанның визиттік карточкасы. Мұндай форумдар керек. Себебі мұндай форумдар танымал, салмақты, белсенді адамдарды тартады. Бүкіл әлемнен президенттер, бизнесмендер, танымал адамдар келеді. Қазақстанды көрсетеміз. Қаржы тартамыз. Сол себептен неге өткізбейміз. Өткіземіз. Биыл, әрине, Үкіметтің қаулысымен қаражат жетпесе, бюджеттен алармыз дедік. Бірақ маған берілген тапсырма – демеушілер арқылы табу. Мүмкіншілік болса, бюджеттен ешқандай қаражат алынбайды, - деді ол.
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, форумды өткізуге 4,5 миллиард теңге жұмсалмақ.
Жалпы айтқанда, 4,5 миллиард теңге бізге жетеді. Негізінен бұл деңгейдегі форумдар үшін қалыпты қаражат, - деді Серік Жұманғарин.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)