Жаңалықтар

Астана халықаралық форумына кімдердің келетіні белгілі болды

Астана халықаралық форумына кімдердің келетіні белгілі болды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 05.06.2023 18:05 962

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форумға Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров, Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Тани, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желка Цвиянович, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі бас директоры Одре Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Армида Алисжахбана, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, БҰҰ-ның Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік және Оңтүстік Америка істері жөніндегі Бас хатшысының саяси және бейбітшілік мәселелері жөніндегі департаментінің көмекшісі Мирослав Анича, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына арналған аймақтық бюроның бас хатшысының көмекшісі, әкімшісінің көмекшісі және директоры Ивана Живкович, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Хельга Шмид, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Маргарета Седерфельт, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Чжан Мин, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика және инфрақұрылым министрі Мұхаммед Фарадж әл Мазруи мырза, еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары Януш Войцеховский, Эфиопияның бұрынғы президенті Мулату Тешоме, Буркина-Фасоның бұрынғы премьер-министрі Ласина Зербо, швейцариялық дипломат және ЕҚЫҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Томас Гремингер, S&P Global төрағасының орынбасары Даниэл Ергин келеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында" тақырыбында 8-9 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтеді.

Жиында сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика, климат, экономика және қаржы мәселесі талқыланады. Бағдарлама аясында 40-тан астам панельдік сессия және бейресми пікірталас жиындары болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға