Жаңалықтар

Astana Half 2023 марафонына шетелдіктер де қатысты

Astana Half 2023 марафонына шетелдіктер де қатысты
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты 21.05.2023 21:17 892

Елордада өткен жартылай марафонға екі мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа қатысу үшін Астанаға Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Польша, Ресей, Украина елдерінің және Қазақстанның 30-дан астам қаласының тұрғындары келген.

Қала әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, қатысушылардың жасы 16 мен 75 жас аралығында болды.

Жартылай марафонға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев қатысып, Astana Half 2023 іс-шарасын алғысөзімен ашып, жарысқа қатысты.

Astana Half 2023 марафонына шетелдіктер де қатысты

Жарысқа қатысушылар 21,1 км және 5 км қашықтықта сынға түсті. Astana half 2023 жартылай марафоны –қыс мезгілінен кейін жаппай жүгіруде өзіңізді сынаудың алғашқы мүмкіндіктерінің бірі. Желаяқтарға 21,1 км және 5 км қашықтықт ұсынылады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама, ал тәжірибелі спортшылар үшін – биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық. Astana half 2023 ережесіне сәйкес, жарысқа 18 жастан асқан барлық адамдар 21.1 шақырымға және 16 жастан 5 шақырымға тіркеле алады.

Astana Half 2023 марафонына шетелдіктер де қатысты

21,1 км маршрут бойынша изотоника, гельдер, су және жемістер ұсынылды.

Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы Астана әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events компаниясы болып саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға