Жаңалықтар

Астана форумының деңгейі Қазақстан қол жеткізген прогресті толық көрсетті – Өзбекстан премьер-министрі

Астана форумының деңгейі Қазақстан қол жеткізген прогресті толық көрсетті – Өзбекстан премьер-министрі
Фото: Akorda.kz 08.06.2023 12:45 947

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов халықаралық форумда сөйлеген сөзінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жылы лебізін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мен үшін бауырлас Қазақстанның елордасы Астана қаласында осындай халықаралық форумға қатысу өте үлкен мәртебе. Форум қатысушыларына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жылы лебізі мен сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіздер. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізіліп отырған бүгінгі форум ең өзекті мәселелер бойынша кеңірек пікір алмасу үшін керемет мүмкіндік ұсынып отыр. Астана халықаралық форумының деңгейі мен ауқымы соңғы жылдары Қазақстан қол жеткізген прогресті толық көрсетіп отыр деуге болады, – деді Өзбекстан прьемер-министрі.

Бүгінде әлем өзгерістердің терең трансформациясына қадам басты. Түбегейлі өзгеріс прогресі жеделдеп жатыр. Олар барлық мемлекеттер мен континенттерді қамтып отыр деп атап өтті.

Біздің еліміз барлық әлемдік серіктестермен тығыз ынтымақтастыққа ашық. Халықаралық серіктестерге Арал апатын ескере отырып, жасыл экономикадағы жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды ұлғайтуды ұсынғым келеді, - деді Өзбекстан премьер-министрі.

Сондай-ақ ол мемлекет басшыларының мықты саяси ерік-жігері мен дәйекті іс-қимылдарының арқасында соңғы жылдары Орталық Азияда өзара сенім қалыптасқанын айтты.

Бұл өңірлік мәселелерді тек диалог және ақылға қонымды деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Жыл сайын өңірдің көшбасшылары кездеседі, үкіметтер деңгейінде жұмыс істеу жүріп жатыр, өңіраралық ынтымақтастық дамуда. Сондықтан біздің барлық халқымыз алға қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін жұмыс істеуі қажет, - деді Өзбекстан премьер-министрі.

Сөз соңында Өзбекстан делегациясы атынан Қазақстан Президентіне форумды жоғары деңгейде ұйымдастырып және жылы қонақжайлық танытқаны үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға