Астана – есірткісіз қала: елорда тұрғындары салауатты өмір салтын қолдайды
Нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында, сондай-ақ Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша кешенді жоспарды іске асыру аясында елордада “Астана – есірткісіз қала” ұранымен велошеру өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Велошеруге полиция департаментінің қызметкерлері, әкімдік, спорт секциялары мен жастар қозғалысының өкілдері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Шарада 700-ге жуық адам бой көрсетті. Олар 10 шақырым қашықтықты бағындырды. Сапар барысында велошабандоздармен полицияның патрульдік көліктері және эскорд взводы ілесіп жүрді.
Велошеру нашақорлық мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл – бүкіл қоғам үшін проблема. Онымен бәріміз бірге жұмыла күресуіміз қажет. Жыл басынан бері Астана полиция қызметкерлері заңсыз есірткі айналымынан жалпы салмағы 60 келіден астам есірткі затын тәркіледі, - деді елордалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.