Жаңалықтар

Астана-Ерейментау-Павлодар тас жолындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев телеграм каналында жария етті
Астана-Ерейментау-Павлодар тас жолындағы жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: inbusiness.kz 14.10.2022 10:04 890

Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Павлодар» республикалық автожолындағы 235-259 шақырымды қамтитын проблемалық учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев телеграм каналында жария етті, деп хабарлайды El.kz.

Айтуынша, 138 мың шаршы метр жол жөнделіп, оған 35 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары толық көлемде орындалды.

«Шынымен, аталған жолдың осы учаскесіне қатысты мәселе аймақтағы көп жылдан бері қордаланып, шешілмей келген сұрақтардың бірі еді. Айта кетерлігі, автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында маңызды орын алды. Бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай сапалы жергілікті жолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар министрлігіміздің күн тәртібінен түспейді», - дейді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға