Жаңалықтар

Астана елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша көш бастады

Астана елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша көш бастады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.11.2023 11:42 1652

Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов соңғы жылдары қаламыз тек әкімшілік орталық емес, кәсіпкерлер қаласына айналғанын және бүгінде елорданың жалпы ішкі өнімінің үштен екі бөлігі шағын және орта бизнестің үлесінде екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Онда Астана қаласының экономикалық белсенді халқының 73 пайызы немесе 500 мың адам жұмыс істейді. Әлеуметтік бағдарланған бизнестің жаңа форматына көшкен дәстүрлі кәсіпкерлер көбейіп отыр. Мұны елордалық әлеуметтік кәсіпкерлердің республикалық тізіліміндегі 26%-ға тең үлесі растайды. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш, – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ ол бұл көрсеткіш бойынша бірнеше ұйымды атап өттті.

Мысалы, «Замандас» ұйымы 3 мыңға жуық ерекше баланың бос уақытын аула клубтарында өткізуін ұйымдастырып, үлкен мәртебеге ие болып отыр. «Green TAL» және «Күнде» компанияларының әлеуметтік осал топтар қатарындағы 40 азаматқа тұрақты жұмыс орнын ашты. Сіздер кәсіпкерлік қызметтің тек табыс әкеліп қана қоймай, әлеуметтік пайда әкелетініне үлгі болып отырсыздар. Біз сіздердің еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Әлеуметтік кәсіпкерлерді ынталандыру және дамыту мақсатында бірқатар мемлекеттік қолдау шарасы бар. Оның ішінде үлкен сұранысқа ие 5 млн теңгеге дейін тегін гранттар бөлу болып отыр. Бүгінгі таңда қала бойынша 17 әлеуметтік кәсіпкерге қолдау көрсетілді және бұл көрсеткішті біз одан әрі өсіреміз, – деді қала әкімінің орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға