«Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті

Фото: instagram.com/fca.astana
Фото: instagram.com/fca.astana
20.07.2023 09:08
1106
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта «Астана» сырт алаңда Тбилисидің «Динамо» клубын жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тбилисидегі (Грузия) ойын елорда клубының жеңісімен аяқталды — 2:1.
Оқи отырыңыз:
- Ерте үзілген ғұмыр. Денис Теннің арамыздан кеткеніне 5 жыл
- Қазақстандық ауыр атлеттер Париж олимпиадасына бара алмауы мүмкін
Ойын есебін 22-минутта Усман Камара ашып, «Динамо» клубын алға шығарған. Бірінші таймда есеп өзгеріссіз қалғанымен, үзілістен соң қонақтар сапынан алдымен 50-минутта Абзал Бейсебеков мергендік танытса, 51-минутта Дембо Дарбо жеңіс голын соқты.
Осылайша, «Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті.
Елордадағы бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қызылордада жыл басынан бері 40-қа жуық адам қызылша жұқтырған