Жаңалықтар

Астана ботаникалық бағының ашылғанына 5 жыл толды

Астана ботаникалық бағының ашылғанына 5 жыл толды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 03.07.2023 07:46 1703

Алғаш рет 2018 жылы дала табиғатының күрт континенталды аймағы Астана қаласында ботаникалық бақ ашылды. Бұл Алматы қаласындаға Бас ботаникалық бақтың филиалы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ауданы 89,1 га, оның ішінде 46,3 га ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ал саябақ 42,8 га алып жатыр.

Ботаникалық бақтың негізгі мақсаты-биологиялық әртүрлілікті сақтау, әлемнің басқа жерлерінен, әртүрлі климаттық аймақтардан әкелінген өсімдіктердің коллекцияларын өсіру, оларды халыққа көрсету, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ экологиялық маңызды оқу-ағарту қызметін жүзеге асыру.

Сондай-ақ, Ботаникалық бақтың аумағында жылыжай кешені бар. Мұндағы өсімдіктердің коллекциялық қоры - 269 түрді, 102 сортты, 197 түрге жататын 58 тұқымдастың гибридті пішіні мен сорттарын құрайды.

Олардың ішінде ең танымал тропикалық өсімдіктер – каучук фикусы, вашингтония, араукария, ананас, кумкват, апельсин, кофе ағашы, папайя және т.б. Танымал суккуленттерден: эхинокактус, агава, маммиллярия, красулла, опунция, алоэ, гастерия және т.б. өседі.

Жыл сайын жылыжайға 20000-нан астам туристер мен Елорда тұрғындары келеді. Бұл жерде оқушылар мен студенттерге ботаникалық білім беру үшін тұрақты негізде экскурсиялар да өткізіліп тұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға