Астана базарында өлген малдың еті сатылғаны рас па

Астана базарында өлген малдың еті сатылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті хабарлады.
Базарларда ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күн сайын құжаттық және физикалық бақылауды, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді. Барлық мал өнімдері тек қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын ветеринариялық құжаттармен бірге нарыққа шығарылады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, министрлік су тасқыны салдарынан қырылған ауыл шаруашылығы жануарларының, үй жануарларының және құстардың өлекселерін жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
